Түркістан облысында құрлысы кенжелеген нысандар жіті бақылауда. Олардың сапасы мен мерзімін енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы превенция басқармасының офицерлері қатаң қадағалайды.  Арнайы топ Ордабасы ауданында бой тіктеп жатқан мектептердің құрылыс жұмыстарымен танысты.  
КСМ: Бұл Төрткүлдегі төрт жылдан бері соғылып жатқан мектеп. Ірге тасын қалаған мердігерлер талаптарды орындамай келісім-шарт сотпен үзілген. Сиыр құйымшақтанған құрылыс биыл қайта басталған.  Қазір «Қаратау ЛТД» ЖШС мектепті күзге дейін тапсырамыз деп жанталасуда.  Нысанда күндіз-түні жұмыс қызып тұр.


Түркістан облысында ұзаққа созылған құрлыс деп танылған 8 нысан бар. Оның үшеуі Ордабасы ауданында. 300 орындық тағы бір мектеп Қызылжар елді мекенінде соғылып жатыр. Бұл нысанды да жыл соңына дейін тапсыру көзделген.     Төрткүл ауыл округіндегі қос мектептің шатыры жабылып іші сыланған.  Қазір әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігерлер мектеп жабдықтарын алып беріп, абаттандыру жұмыстарында істейміз, – деп отыр. Қатаң бақылаудағы білім ұялары қарқынды тоқтатпаса биыл ел игілігіне беріледі.