15 га аумақ күл-қоқыстан тазартылды. Шымкентте Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасты. Әр бейсенбіде дәстүрге айналған науқанға жастар атсалысты. «Аманат» партиясы өз тарапынан ұйымдастырып, тазалыққа үн қосып жүр.


Таза Қазақстан – тек экологиялық акция емес! Ол жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудің жолы. Қала тұрғындарын белсенділікке баулу, бір ауық көңілін бөліп, қоршаған ортаны аялауға шақыру. Бейсенбілікке жастар ғана емес, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері де қатысты. Әлеуметтік маңызы бар жоба жыл 12 ай жалғасып, үйреншікті іске айналса деп ниет білдіріп отыр. Жалпы, аптаның бейсенбісінде қаладағы 6 орында тазалық жұмыстары жүргізілді. 1000-нан аса азамат атсалысып, жасыл желекке күтім жасалды. Қураған ағаш қырқылып, көше бойы мен өзен жағалауы күл-қоқыстан тазартылды.