Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» эко-акциясы жалғасып жатыр. Соған қарамастан атқарылған жұмысқа зиянын тигізіп, вандализмге жол берушілер тыйылар емес. Бір ғана Түркістан облысында 22 439 дерек тіркеліп отыр. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.



Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластаған 13 647, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған, егілген жас көшеттерді жұлып, бүлдірген 5 690 дерек анықталған. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру бойынша 3 102 жайт тіркелді. Кейінгі бір айдың өзінде 2672 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара көріліп отыр.