Ордабасы ауданына жасаған сапары барысында өңір басшысы халықпен кездесті. Жиында мектеп ғимаратын жөндеу, жер дауы, инфрақұрылым, ағын су, баспанамен қамту және өзге де мәселелер қозғалды. Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен бірқатар сала басшыларына тапсырма беріп, міндеттер жүктеді.  


Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 32 пайызға өсіп, 15 мыңға жуықтаған. Нәтижесінде өндірген өнім көлемі 161 млрд. теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 61 млрд. теңгеге яғни, 60 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 33 млрд. теңгеден асып, жоспар 1,4 млрд. теңгеге артығымен орындалған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 39 млрд. теңгеден асып, жоспар 2,3 млрд. теңгеге артығымен орындалып отыр. Кездесуден кейін аймақ басшысы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.