«Желтоқсан оқиғасы орын алған тұста маған қастандық жасап, өлтіргісі келгендер көп болды!». Әділдік іздеп, ащы шындықты бетке баса айтатын, қоғамның күйзелісін дөп басып, мәселені өлең жолдарымен нақты жеткізе алатын ақын Мұхтар Шаханов Шымкентке келді. Жастармен жолығып, жыр оқыды. Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург жадына берік бікіген естеліктерімен бөлісіп, жас өренге ақыл-кеңесін айтты. Өз кезегінде жас дарындар да қарап қалмай, ақынға арнаған отты өлеңдерін оқыды.  
 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
 – «Шындығын жоғалтқан азаматты мен азамат деп есептемеймін» Осылай деген М.Шаханов оқырман қауыммен кездесті. Көптің айтуынша ақын аста төк ақыл айтуға емес, ақиқатын ақтаруға шебер. Тыңдай алғанның танымын ашып, көре алғанның көзқарасын кеңейтеді. Бекершіл бөспелік пен жақтаусыз жағымпаздықтан ада. Ақиқаттың алдаспаны, шындықтың шырақшысы.» -  
КСМ: Мен айтқан теңеу Бақберген Сәрсенбайұлы тұжырымын /астасады/ дөп басады. Журналистика саласына машығып, тәлім алып жүрген ол – аға жолын ардақ тұтып, жырын жатқа оқып өскен. Өзі де ақын өлеңдеріне қарап ой өреді, өлең жазады. Тірі аңыздың қолын қысып, батасын алған жас өрен:  «Толқынысым басылар емес, қобылжып тұрғаным соншалық өз атымды ұмытып қалуға шақпын» - дейді.
 БАҚБЕРГЕН СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, СТУДЕНТ
 – «Жігерленіп кеттім.. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл басқаша сезім.» 
КСМ: Жастарға жөн сілтеп, бағыт-бағдар берген тірі аңыз: «Шындықтан биік шың, ақиқаттан асқақ асқар жоқ!» дейді. Сөзінше: келешек жүгін арқалап, болашақ тұтқасын ұстаған бүгінгі ұрпақ әділдік пен туралықты ту етуі шарт.
 МҰХТАР ШАХАНОВ, ҚР ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, АҚЫН, ДРАМАТУРГ
 – «Шындық биігінен көрінуді мақсат тұтпаған еркекті мен еркек деп есептемеймін. Шындық биігінен көрінуді мақсат тұтпаған әйелді мен әйел деп есептемеймін. Сондықтан әрбір адам шындық биігінен көрінуге тырысуы керек»
Техника ғылымдарының докторы, профессор – Талжан Пернешұлы, ақиқатшыл ақынның талай теперіш көріп, қоғам көшінен шеттетіле жаздағанын айтады. Тіпті қайраткерге қастандық ойлап, жолдан ысырғысы келгендер де болған. Сөзінше:  Мұхтар Шаханов ел үшін еткен еңбегін ерлік деп есептемейді. Оны ол азаматтық парызына балайды.
 ТАЛЖАН ПЕРНЕШҰЛЫ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
– «Кешегі еңбек ері деген марапатты қиналыңқырап алғанын білемін.»  – «Мен қазаққа орден, медаль үшін қызмет жасап жатқан жоқпын. Орден медальінің керегі жоқ деген сертте/  
Шарада студенттер жастар ақынға өзін толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Кеш соңы жас өреннің Мұхтар Шахановтан қолтаңба алып, суретке түсуімен түйінделді. Тірі аңыздың кітаптарын құшақтап, автогроф алуға асыққан студенттер қарасы қалың. Ұйымдастырушылар: бұл жастардың кітап оқып, мәдениетке құмартуының айқын көрінісі дейді.