Рухани астанада жас ақындардың мүшәйрасы өтті. «Түркістаным – тұраным» шығармашылық кеші шаһардың туған күніне орайластырылды. Бұл күні мектеп оқушылары өздері жазған өлең шумақтарын жатқа айтып, туған жердің мерейін асырды. Жас ақындардың шығармашылық кешінен тілші сөз саптасын.
"Түркістаным – тұраным» мүшәйрасы қасиетті мекенде  әр жылы өткізіліп тұрады. Ондағы мақсат – жас ақындардың шығармашылығын шыңдап, туған елге деген құрметтін арттыру. Осы бағыттағы кезекті жиында жастар Түркістан туралы толғаныстарын өлең шумақтарымен жеткізді.
 Мүшәйраға 40 жас ақын өлеңін ұсынған. Алғашқы іріктеуден сүрінбей өткен 20-сы үлкен сахнада өнер көрсетті. Жас дарындар төрт қақбалы Түркістанды жырға қосқан кешегі ақындардың ізбасарлары,-дейді аға буын.
 Бұл күні «Түрленген, Гүлденген Түркістан» атты суырып салма ақындардың айтысы өтті. шығармашыл топ түркілердің түп отаны болған киелі мекенді жырға қосып, қасиетін әнмен жеткізді.