«Ұлттық кодты ұлықтап, жастар санасына рухани құндылықтарды терең сіңіру – бала оқудың басты бағдары». Осы ұранды бетке алған қалалық Білім басқармасы мегполистегі барша ұстаздар басын біріктіріп, семинар-тренинг өткізді. 200-ге жуық ұстаз 12 сыныпқа бөлініп, топ-топпен отбасы, ұлт болашағы, рухани жаңғыру мәселелерін талқылады. Іс-шараға оқытушылардан бөлек оқушылар мен ата-аналар да шақырылған. Толығырақ тілші материалында.

Мектеп басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар да арнайы дәріс тыңдап, тақырып төңірегінде пікір алмасты. Айгүл Мәуленова - 30 жылдық жұмыс өтілі бар, тәжірибелі ұстаз. Айтуынша, мұғалім балаға тек білім емес, тәрбие де дарытады. Демек, ұстаз ұстанымы оқушы көзқарасына әсер етіп, ықпал жасайды. Сондықтан да оқытушылар білім алушыға рухани құндылықтарды жіті ұқтырып, дәріптеуі қажет.  

 АЙГҮЛ МӘУЛЕНОВА, №106 ЖОБМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  
 – «Ұлттық құндылықтарды сіңіруде жалпы 6 бағыт байынша жұмыс атқарып жатырмыз» -  – «Ата-аналарды подогогикалық қолдау ұйымының жұмысы, даналық мектебінің жұмысы, ұлттық құндылықтарды сіңіру бойынша жасалып жатқан түрлі жұмыстар.. Осының бәрі бала тәрбиесінде өз жемісін береді деген ойдамын.»

 Сондай-ақ шараға ата-аналар да белсене араласып, жас өренге салт-дәстүр, әдеп-ғұрып жоралғыларын таныстырды. Алтынай Шыршықбаева - жинға арнайы қатысып, оқушыларға ұлттық құндылықтар бағасын ұғындырды. «Баланың өркениет заңдылықтарын түсініп, шетелдің озық мәдениетін меңгергені дұрыс, алайда ұлттық негіз бірінші орында тұруы шарт»,-дейді ол.  

 АЛТЫНАЙ ШЫРШЫҚБАЕВА, АТА-АНА
 – «Бүгінгі менің бүгінгі іс-шарада көрсететін салт-дәстүр – бесікке салу рәсімі. Қолымда ұстап тұрған реквизит бесіке салынатын әлдиіміз» -
Жиынды қалалық Білім басқармасының ұйытқы болуымен №135 жалпы орта білім беретін мектеп мекемесі ұйымдастырған. Ұлттық құндылықтарға басымдық беретін білім ошағы – жас өрен санасына рухани байлық сіңірумен келеді. Осы бағытта мектеп ішінен М.Шаханов сыныбы мен ұлттық мұражай ашылды. Мұндағы мақсат: оқушыларға визуалды насихат жұмыстарын жүргізу.
– «Отбасылық құндылықтарға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Өйткені, біздің қазіргі әлсіз тұсымыз осы. Сондықтан да осы бағытқа көбірек өкңіл бөлуіміз керек»

Іс-шара барысында мектепке халық ақыны М.Шаханов арнайы келіп, шәкірттермен, ұстаз, ата-аналармен кездесті. Сырласу кешінде жиылған жұрт көкейіндегі сұрақтарын қойып, рухты ақынмен емен-жарқын сұқбаттасты.