Қазақстанда кем дегенде 10 мың шақырым облысаралық және ауданаралық жолдарды орта жөндеуден өткізуіміз керек. Мемлекет басшысы көлік-логистика секторын дамыту жайлы айтқанда осылай тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте сапа маңызды екенін, ол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану қажеттігін айтты.  Осы орайда Оңтүстіктегі маңызы бар күре жолдарды жөндеу, күтіп ұстау жұмысы да қарқын алды.
 Оңтүстіктегі А-2 автожолының 705-742 шақырымы да орташа жөнделіп жатыр. Мұнда жаңа технологиямен эмульсиялы-минералды қоспалардан тұратын қорғаныш қабаты төселуде. Мамандар бұл бетон жабындысының тозуын қорғайды, - дейді.
ОЛЖАС ТҰЯҚБАЕВ, «ҚАЗАҚ ЖОЛЫ-2050» ЖШС ТЕЛІМ БАСШЫСЫ 
-Бұл эмульсиялы-минералды қоспалардан тұратын қорғаныш қабатының артықшылығы бетон жабындысының үгітіліуін, сынуын, трещинасын қорғау үшін шығарылған технология. Қазір бізде 580 шақты жұмысшы жұмыс істеп жатыр. Дәл осы эмульсиялы-минералды қоспалардан тұратын қорғаныш қабатын құюда 20 жұмысшымыз қызмет етіп жатыр.
 Екі қабаттан тұратын жабындының жалпы қалындығы 1-ден 2,5 сантиметрге дейін болады. Неміс технологиясына негізделген қабат бетон жолдың үстінде 2 жылдан 5 жылға дейін сапасын жоймайды.  Әрі мұны төсеу жұмысы да жылдам жүргізіледі. Жол жөндеу жұмысын техникалық қадаЖол жөндеу жұмысын техникалық қадағалау мамандары да бақылауда ұстап жүр.
 САНЖАР СӘРСЕНБІ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МАМАНЫ
-Біз сынамаларды алып, арнайы зертханаға ұсынамыз, сол сынамалар негізгі ұсынымға,  нормаға, талапқа сай шығып жатыр. Жұмс барысында күнде осы жерде боламыз, жұмыс басталғаннан біткенше бақылап, көреміз.
Жалпы бетон жолдың бетіне төселген жаңа қабатқа көлік жүргізушілері де дән риза. Шымкент пен Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының арасында жиі жүретін жолаушылар мұндағы айырмашылықты да сезіп үлгерген. Эмульсиялы-минералды қоспалардан тұратын қорғаныш қабаты қыстың күні қауіпсіз қатынауға, әрі көлік доңғалағының желінуінен сақтайтын болды дейді.
 ЗАМАНБЕК НАРЫМБЕТОВ,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-Бетонда қар мен жаңбыр араласса сырғанақ болады, қауіпті. Ал осындай асфальт қауіпсіз болады, қар еріп кетеді деп ойлаймын. Жұмсақ болады десем де болады. Мұз қатпайды.
ҚАНАТБЕК ЖАМБЫЛОВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 7989: 00,26-00,40
-Балонымызды жеп бара жатыр бетон жол, доңғалақ қалмай жатыр. Ал осындай бетіне жабынды төсесе жақсы болады деп ойлаймын.
Бетон жол пайдалануға берілгелі ауыстырылмаған температуралық жіктері де жаңартылып жатыр. Бұл резенкелер ауа райының құбылғанда бетон қабаттарының қысылуын, жарақшалар пайда болуының алдын алады. Сонымен бірге мамандар республикалық маңызы бар жолдың екі шетіне арнайы темір қорғандарды да орнатқан. Ол малдың күре жолға шығып кетпеуін қамтамасыз етеді.