Ұлттық Ұланның 6605 әскери бөлімінде жоғары сынып оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Оған қаладағы білім ошақтарынан жүзден аса бала қатысты. Сондай-ақ іс-шараға бала бақша тәрбиеленушілері де шақыртылған. Олар саптық алаңда әскери техника мен атыс қаруының бірнеше түрімен танысты.
Жасұлан мен Асылжан «Зерделі» international  мектебінің 10 сынып оқушылары. Олар Ұлттық Ұланның 6605 әскери бөліміне алғаш келіп тұр. Болашақта сала маманы болуды көздеген олар бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери техникамен, түрлі қару-жарақ түрлерімен танысты.
ЖАСҰЛАН АМАНДЫҚ – ОҚУШЫ
- Біз бұл жерден керемет әсер алдық. Себебі бұл жердегі әскери адамдар әскерде болатын қауіпсіздік ережелерін соынмен қатар қару-жарақтың қалай жұмыс жасайтынын әскери техникаларын қалай қолданылатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.
 АСЫЛЖАН ТІЛЕПБЕРГЕН - ОҚУШЫ
Бұл жердегі атмосфера бөлек. Осы қару-жарақтарғ, әскери техниканы бізбен таныстырып жатыр. Болашақта әр азамат өз борышын өтеу керек. Өзімде заң факультетіне түскім келеді. Өз  отан алдындағы борышымды өтеймін.
 Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық  тәрбиелеу болып табылады. Бөлім қызметкерлері ашық есік күніне балабақша тәрбиеленушілерін де шақырғанды жөн көріпті. Себебі патриоттық рухты  кішекентай жасынан бастап үйреткен дұрыс дейді. Олар саптық алаңда әскери техника мен атыс қаруының түрлерімен тансты. Ал оқушылар сарбаздардың жабдықтарын сынап, жауынгерлік автокөліктердің рөлінде отыруға мүмкіндік алды.
ЕРЖАН ЖОЛШЫ  - БРИГАДА КЛУБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ АҒА ЛЕЙТЕНАНТ
 Міне біздің әскери бөлім алаңында ашық есік күні жарияланды. Сол қалалық мектептерден, балабақшалардан тәрбиеленушілерді, оқушыларды шақырдық. ҚАзіргі таңда әскери бөлімнің өмірімен, тыныс-тіршілігімен таныстыру үстіндеміз. Шамамен әскери бөлім аумағында жүзден аса оқушы мен жиырма шақты тәрбиеленуші жүр.
 Ашық есік күніне келгендер әскери бөлімнің мұражайына экскурсия жасады. Болашақ Отан қорғаушыларға ұландықтардың ерлігі туралы айтылды. Осындай іс-шара 6698 әскери бөлімінде де ұйымдастырылды. Онда жалпы білім беретін қалалық мектептердің 50-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты.