«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қала халқы дәстүрден жаңылмай, белсенді түрде атсалысып жатыр. Асар-2 шағын ауданының тұрғындары аумақтарын күл-қоқыстан тазартып, көшелерін ретке келтірді. Оларға коммуналдық мекеме қызметкерлері көмекке келіп, қураған шөптерді отады.
 Тазалық акциясына үнемі атсалысып жүретін асар-2-ліктер бұл жолы да аянып қалмады. Тұрғындар орталық көшеге жиналып жол жиегін  шашылған күл-қоқыстан тазартты.
 Тазалық жұмыстары барысында арыз-атыздар бойы тазаланып, әр үйдің ауласында тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтар арнайы жүк көліктеріне тиелді. Қураған шөптерді отасуға коммуналдық мекеме қызметкерлері көмекке келіп, апталық жұмысты бірер сағатта атқарып тастады.
 Сәуір айынан басталған акция аясында қаладағы мәдениет орындары мен өзен бойлары, орталық көшелер мен шалғайдағы шағын аудандар, гүлзарлар мен көпқабатты тұрғын үй аулалары тазаланып жатыр. Сондай-ақ мегаполисті жасыл қалаға айналдыру мақсатында көшеттер егіліп жатқанын айта кетейік. Алдағы уақытта бір ғана Абай ауданынының өзінде 5 мың түп жасыл желек отырғызылады деп жоспарланып отыр.