Ұлттық спорт жайлы сөз болса, көптің ойына тек көкпар мен бәйге келері сөзсіз. Бірақ, ұланғайыр атырапты мекендеген біздің ел қоржынында мұнан өзге де спорт түрлері көп. Мәселен, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ және асық ату. Айта берсең бұл тізім одан әрі созыла бермек. Ұлттық кодты ұлықтап, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында төл спортты түлету және оған баса назар аудары - басты бағдар. Осы ұранды бетке алған Сайрамдықтар асық атудан облыстық «Respublica» турнирін ұйымдастырды. Сайысқа әр ауданнан іріктеліп шыққан мықтылар қатысып, жүйден жүйрікті анықтады.
 Додада сен тұр, мен атайын атанған сақа спортшылары бар 12 команда бақ сынап, бәсекелестікті күшейтті. Қатысушылар қатарында көшпенділер ойындарының жеңімпаздары, халықаралық ірі турнирлер жүлдегерлері бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша: жарыс жеңімпазы республикалық турнирге жолдама алып, облыс намысын қойғайды.

Өңірде асық ату спорты  соңғы 10 жылдан бері  қарқынды дамып келеді. Осы аралықта облыстан 10 спорт шебері және екі Халықаралық дәрежедгі спорт шебері шаққан. Ұлттық спортты одан әрі дамытып, көпке насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда дейді жауаптылар.
Айта кетейік, додада топ жарғандар қазан айынның 25-і күні ел астанасында өтетін Республикалық турнирге жолда алады.