Қазақстанның су арналары өкілдері Мегаполистегі "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандарымен тәжірибе алмасты.  Жиын Қазақстандық Су Қауымдастығының бастамасымен қолға алынды. Шымкентке еліміздің әр аймағынан келген су өкілдерін мекеменің аспектілеріне жоғары баға берді. Тазарту құрылыстарының кешеніне қызығушылық танытты. Айдро процесінің биотехнологиясын қолдану тәсіліне ерекше назар аударды.
 Асқар Қайратұлы, Шымкентке Жамбыл облысынан келді. "Шу ауыз су" МКК директоры "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС-не алғаш рет келіп отыр. Шымкенттік әріптестерден үйренетен  көп, оңтүстікте сумен жабдықтау және су бұру саласында озық технологияларды енгізуден және іске қосудан қорықпайды екен-дейді ол.
АСҚАР ҚАЙРАТҰЛЫ, "ШУ АУЫЗ СУ" МКК ДИРЕКТОРЫ:
Өте, өте керемет! Өйткені, қазір Шу қаласында жақын маңда орналасқан себепті жағымсыз иіс экологияға тигізіп жатқан залалы, соның барлығының түбегейлі шешімі осы КОС екеніне көз жеткізіп жатырмыз. Өте керемет.
 Шымкент тазарту құрылыстары кешені көптен бері көптеген қазақстандық су арналары үшін үлгі болып келеді. Кешеннің жоғары энергетикалық шығындарын жабуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық, ағынды суларды сапалы тазарту және биогаз қондырғысын қолдану.
 СЕРЖАН АСАНХАНҰЛЫ,  ҚАЗАҚСТАН СУ АРАНАЛАРЫН ЖОБАЛАУШЫ
Мен мұндай нәрсе күтпедім. Таң қалып тұрмын. Осындай водоканал Қазақстанда бар екеніне. Өзім бірінші рет көріп тұрмын. Мен Қазақстанда 2-3 водоканалда болдым. Олармен салыстыруға келмейді. Мамандары кез-келген сұрағыңа жауап береді. Барлық жүйесі қойылған орнына. Маман таппай, сұрақтарға жауап таппай, ондай  вопростар болмай жатқан жоқ та. Производствасы, барлығы да жақсы қойылған деп ойлаймын. Соңғы технологиямен. Еще адамдар мұнда дамуға тырысып, технологияларды жаңғыртуға тырысып жатыр.     
 Тәжірибе алмасу барысында "Айдро процесс" өнімін ұсынатын компанияның технологтары қазақстандық мамандарға биотехнологияны қолдану бойынша егжей-тегжейлі кеңес берді. Ол Шымкентте алғашқы қолдануының арқасында республикамыздың көптеген су арналарын қызықтырды.