Қала әкімінің халықпен кездесуі жалғасып жатыр. Еңбекші ауданына қарасты Базарқақпа және Абдуллабад тұрғын алабына барған Ғабит Сыздықбеков тұрғындардың базынасын тыңдады. Толығырақ келесі сюжетте.
Жаңа форматта ұйымдастырылған кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Базарқақпалықтар мен абдуллабаттықтарды  көбінде инфрақұрылым, көше жарығы мен қаңғыбас иттер мәселесі мазалап отырғаны айтылды.
Сондай-ақ кездесуде кең жолақты интернет, қоғамдық көлік бағыттары жайлы сөз болды. Тұрғындар ирригациялық жүйеге қатысты мәселені де көтерді. Жиын барысында шешімін тапқан проблемаларда бар.  
 Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қала әкімі бірқатар басқарма басқарма басшылары мен аудан әкіміне тапсырма берді. Тұрғындар тарапынан  туындаған кейбір мәселелер келесі жылдың жұмыс жоспарына енгізілуін Ғабит Сыздықбеков өзі қадағалайтынын жеткізді.