Соңғы уақытта жастар арасында белең алып отырған келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары оқу орындарында жүзеге асырылуы керек. Осындай бастамамен Шымкент Жоғары педагогикалық колледжі өзге оқу орындарына үлгі көрсетті. Арнайы семинарда жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларымен тәжірибе алмасты.
Семинарға 40-қа тарта жас қатысты. Олар қала колледждеріндегі Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері. Белсенді топ өз оқу орындарындағы жаңашылдықтарымен бөлісіп, қиын жағдайларды бірлесе шешу жолын талқылады.
 НҰРҒАЛИ АСАНОВ, ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ
 Қай     колледжде қалай жұмыс жүргізіліп жатыр деген сынды. 01:45 Талап күшейген. Степендия балалар үшін өскен. Ол өскен сайын балалардың оқуға деген құштарлығы артады. Қазіргі таңда қоғамдағы жастардың рөлі лидер болуы керек. Алға ұмтылыс бар.
Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық – азғырар адам баласын. Абай айтқан осы даналықтың түбінде бос уақытын тиімді пайдаланбайтын жастардың  жамандыққа ұрынатыны ашып айтылған. Шымкент жоғары Педагогикалық колледжі бұл мәселені жүйелі жолға қойған. Студенттер үшін арнайы үйірмелер ұдайы жұмыс істеп тұр.
 ЕРЛАН БАЙСЕЙІТОВ, ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Балаларды, жаңадан келген жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру бойынша көп жұмыс істеп жатырмыз. +8145 кадр 00:17 Бірінші дкурсқа келген балдар азанғы уақытта сабақта болса, түстен кейін үйірмелерге қатысадды.
Шаһарда 39 колледж бар. Онда 50 мыңдай жас білім алады. Мамандар күні кеше студент атанған жастардың жаманның жетегіне ермеуі жолында бүгінгідей жиындардың берері мол,-деп отыр.
ЖАНАР АЛТАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
 колледждерді білім берумен қатар тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Колледжге қабылданатын жастардың 70 пайызы кәселет жасына толмағандар болып табылады. Сондықтан оқу орындарында аналар мектебі, әкелер мектебі жұмыс істейді.
 Айтып өткен жөн, Шымкент Жоғары Педагогикалық колледжінде 2000-ға тарта 15 мамандық бойынша бала оқиды. Оның 1500-і мемлекеттік грант негізінде білім алып отыр. Студенттер үшін арнайы степендия тағайындалған. Оқу орны белсенді білімгерлерді әлемнің дамыған мемлекеттерінде оқу курстарынан өткізу тәжірибесін қолға алған. Бұл игілік жастардың дұрыс жолда жүруіне оң ықпал етері сөссіз.