Қолданылған доңғалақты қайта өңдейтін тұңғыш зауыт Шымкентте. «Пайдаланылған автокөлік шиналарын қайта өңдеу өндірісін «ЭКО Шина» ЖШС қолға алып отыр. Мемлекеттен қолдау көріп, қуаты артқан кәсіпорынның тынысымен арна тілшісі танысып қайтты.
Жоба ҚР Президентінің тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асқан. «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жоғарыда аталған жобаларға утилизациялық төлемдер бағыттауда. Қаржыландыру қайтарымды негізде, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3%-дан аспайтын және 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
СЕРІК АЛИАКПАРОВ, «ЖАСЫЛ ДАМУ» АҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫ
Түгелдей бұл жоба Жасыл даму АҚ қаржыландырылды. Бастан аяғына дейін. Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен бірдлесірп отырып бүгінгі таңда ауқымды жобаларды іске асырып отырмыз. Бұл ең бірінші бастамасы.
ЕРЛАН МОЛДАРАЙЫМОВ, «ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ ӨКІЛІ
Компания «ЭКО Шина» былтыр бізге құжаттар тапсырған. Қаржыландыру бойынша жылдың аяғында шешім қабылдадық. Оң шешімін алып қазіргі таңда құрал жабдықтары келіп іске қосылып жатыр.
Шымкент қаласындағы «ЭКО Шина» ЖШС жобасы — мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің сәтті үлгісі. Жобаның жүзеге асырылуы өңірдің экологиялық жағдайын едәуір жақсартуға, пайдаланылған шиналарды тиімді қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуаттылығы бір сағатта 4 тонна шинаның қалдықтарын өңдеуге қауқарлы.
БАУЫРЖАН АЙКЕНЖЕЕВ, «ЭКО ШИНА» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Біз өте қуаныштымыз осындай көмек көрсетілетін болса Қазақстанымыз өндірістерін жақсы дамытуға болады. Әлдеде алда мақсаттарымыз бар орындалмаған жобаларымыз бар.
Жобаға Шымкент қаласынан жаңғырту және дайын өнім желісін кеңейту жобасы ұсынылған. Бұл 629 млн теңгеге бағаланды. Оның ішінде 500 млн теңгесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ есебінен қаржыландырылған. Осы арқылы экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылықты ұштастырады. Жаңа жұмыс орындарын ашып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтады және «Жасыл экономиканың» дамуына елеулі үлес қосады.