Журналистердің еңбегін AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы да ескерусіз қалдырмады. Ұйым мүшелері ақпарат саласының өкілдерін арнайы марапаттап, сый-сыяпат көрсетті. Салтанатты жиында партия мүшелері тілшілік қызметтің қоғамдағы маңызына тоқталып, қаламгерлер қауымына алғыс білдірді.


Алғыс хаттар бірқатар журналиске табысталды. Ақпараттық кеңістіктегі ашықтық пен шынайылықты қамтамасыз етуде масс медианың рөлі ерекше. Осыны атап өткен партия өкілдері бұқарамен байланысты нығайтуда тілшілермен бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.


МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Журналистер – қоғамдық пікірдің айнасы. Біз ақпарат саласындағы әріптестікті жоғары бағалаймыз және бірге жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз.


Бүгінгі құрмет — ақпарат майданындағы еңбекке берілген әділ баға. Партия мен журналистика саласы арасындағы байланыстың беки түсуі — елдің өркениетті дамуына негіз болмақ. Марапат алып, марқайғандар осындай пікірде.


ГҮЛСАНАТ ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ, ONTUSTIK ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ

AMANAT партиясының бұл қадамы – билік пен бұқара арасындағы байланысты бекемдеуге бағытталған. Ақпарат айдынында әділеттілік пен адалдықты ту еткен қаламгерлермен әріптестік жалғасын таба бермек.