Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті бітіруші түлектерге диплом табыстады. Ширек ғасыр бойында талай жасқа білім мен тәрбие нәрін сепкен іргелі оқу ордасын 70 мыңнан астам түлек тәмәмдаған екен. Биыл 4000 мыңға жуық шәкірт қолдарына диплом алып үлкен өмірге қадам басып отыр.


4 жыл бойында білім нәрімен сусындаған Аякөз Жолмаханбет бүгін қолына қызыл диплом алды. Үздік студент биология мамандығын меңгерген. Әрмен қарай да дәл осы жоғары оқу орынна магистратураға түсіп, докторантураны жалғастырмақ ниетте екен.


АЯКӨЗ ЖОЛМАХАНБЕТ, ҮЗДІК ТҮЛЕК

Ширек ғасыр бойында іргелі оқу ордасын 70 мыңнан астам түлек тәмәмдаған екен. Биыл 4000 мыңға жуық шәкірт қолдарына диплом алып отыр. Оларға сәттілік тілеген университет ректоры Рабиға Қуатбекова үздіктерді жұмысқа шақырды.


РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

5 жылдық аккредиттеуден өткен университетте бас-аяғы 50 білім беру бағдарламасы бар. Оның ішінде 34-і бакалавриат бойынша болса, 13-і магистратура, ал 3-і докторантура бойынша. Жоғары оқу орны жастардың шетелдік әріптестермен етене байланысып, тәжірибе алмасуына жан-жақты жағдай жасаған. Сонымен қатар, білім алушыларға жаңа білім алу корпустары, қонақ үй типтес 500 орындық студенттер үйі бар. Қосымша кітапхана және компьютер, IT-hub орталығы орналасқан. Сондай-ақ, университет жанынан ашылған «Next Step» атты 3 қабатты ғылыми-зертханалық кешен білім алушылар мен жас зерттеушілердің ғылыми жобалармен айналысуына мүмкіндік береді. Білім көкжиегінің кеңеюіне ғана емес, спорт саласының дамуына да ерекше көңіл бөлетін ЖОО – на 2022 жылы Үздік университет атағы берілген.