Шымкенте алғаш рет , “ARM-BACK” спорт турінен Ел кубогы өтті. Елімізде жасалып жатқан тұңғыш жобаға ,ерекше қажеттілігі бар жүзден аса бала қатысты. Тағдыр тәлкегіне мойымай, болашаққа отты көзбен қарайтын бүлдіршіндердің бәсекесі жайында бейнесюжеттен көріңіз.
2022 жылы Қазақстан Халық қорының қолдауымен еліміздің 11 қаласында “Жас жауынгер” бейімдеу спорт орталықтары ашылған. Бүгінде еліміздің әр түкпіріндегі ерекше балалар спортқа белсене араласып, үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында бұл бағыттағы жұмыстар кең көлемде атқарылуда. Балалар спортта ғана емес, түрлі өнер сайыстарында да өз мүмкіндіктерін көрсетіп, дені сау балалармен тең дәрежеде бәсекеге түседі.
РОЛЛАН ТОҚТАНҒАЛИ, ҚАТЫСУШЫ
Мен Семей қаласынан келдім арнайы Шымкент қаласына. Ол жақта Бізде 16 қажеттілігі бар балалар арасында “ARM-BACK” спорты болып жатыр. Бізде бұл чемпионат Қазақстан. Бұл жылына екі рет болады. Біз осы жолы командамен жеңеміз деген ойдамыз. Алдында біз екі дүркін семпион болдық. Осы жолы да жеңеміз деген ойдамыз.
Ұйымдастырушылар турнирді дәстүрлі түрде өткізуді қолға алмақшы. Бұл жас спортшылардың жаңа достар тауып, спорттық тәжірибелерімен бөлісуіне жақсы мүмкіндік болмақшы.
САДЫҚ БАЙЫМБЕТОВ, ЖАС ЖАУЫНГЕР БЕЙІМДЕУ СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің орталықта ерекше балдар спортпен айналысады.Тегін айналысады. 2022 жылы Қазақстан халық қорын қолдауымен еліміздің 11 қаласынан осындай орталықтар ашылды. 2024 жылдан бастап орталығымыздың жаңа спорт түрі пайда болды. “ARM-BACK” деген бұл қолмен тарту деген. Бұл ерекше қажетті балалармен сау балалардың спортын теңестіру мақсатында және еліміздің олимпиада паролимпиадада бір спорт түрі жоқ екен. Біздің мақсат Қазақстанның атынан “ARM-BACK” спорт түрін паролимпиада ойындарына қосып,елімізге әлемге үлкен тарих жасау.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Спорт шеберіне үміткер” атағына ие болуға заңды түрде мүмкіндік алды. Сонымен қатар арнайы дипломдар және медальдар табысталады.