Түркістан қаласында жүректі тербейтін ерекше мереке өтті. Қолдауға зәру емес, құрметке лайықты балалардың арманы орындалды. Іс-шараға Ордабасы және Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан өнерпаз балалар қатысты.
Балалар тілектері жазылған хаттарының арқасында қала басшысының қолдауымен киелі шаһардың көркем жерлерін аралап, «Керуен сарай» туристік кешенінде қайықта серуендеді. «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Жобаның басты мақсаты – балалардың арманын орындау арқылы оларға шабыт сыйлау. Іс-шара барысында балалардың қолөнер бұйымдарынан көрме-жәрмеңке өтіп, концерттік бағдарлама ұсынды. Әрбірінің арманы орындалып, қуаныш пен мейірімге толы сәттер орын алды. Жоба жетекшісі Әсел Бимырзаева үш жыл ішінде 700 баланың арманы орындалғанын атап өтіп, барша қолдаушыларға алғыс білдірді. Іс-шара соңында жобаның дамуына үлес қосқан азаматтар арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар табысталды.
ӘСЕЛ БИМУРЗАЕВА, ARMAN-QANAT ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгін осы балапандардың бізбен осы қоғаммен етене араласып ары қарай да өздеріне деген сенімін ұялатып жүректеріне. Мен ойлаймын болашаққа деген қадамдарына сәлде болса септігімізді тигізіп жатқанымызға бақыттымыз