Қала әкімі өткен жылы құрылысы басталған Қаратау ауданы әкімдігінің жаңа ғимаратымен танысты. Бүгінде құрылыстың 98 пайызы аяқталған, жақын арада пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл ғимарат аудандық басқару органдарының тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасап, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді ескертіп, қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Әрі қарай Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс барысын тексерді. Құрылыс компания өкілдерімен бірлесіп, жұмыстың мерзімінде орындалуын және мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді әрі кедергісіз орта қалыптастыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар Тұран ауданына қарасты «Айқап» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылысы мен Беткей көшесіндегі жол жабынын қалпына келтіру жұмысының аяқталу барысымен танысты. Ал Еңбекші ауданында «Текесу» каналы арқылы салынған жаңа көпірді аралап көрді. Бұған дейін жауын-шашын кезінде канал арнасы толып, жол жамылғысын шайып кету жағдайлары жиі орын алатын. Көпір «Қарабастау» тұрғындарының өтінішіне сәйкес, менің тапсырмам негізінде салынды. Аралау қорытындысы бойынша аудан әкімдері мен жайлы ортаны дамыту басқарма басшысына қоғамдық кеңістіктердің айналасын көгалдандыру жұмысын күшейтіп, жасыл желек күтімін қамтамасыз етуді тапсырды.