Балалардың сүйікті мултьхикаясы енді үлкен экрандардан көрсетіледі. Аңғалдығымен ізгілік жолында күрес жүргізетін Тоқты мен Серке жаңа шытырманды бастан өткермек.


Толық метражды фильм ретінде көрерменге жол тартатын туындының жаңалығы көп. Жетілдірілген графика, жаңа кейіпкерлер, қызықты сюжет бүлдіршіндерді бірден баурап алары сөзсіз. Жаңа маусымда Тоқты мен Серкеге зұлымдық жасауды мақсат тұтқан қасқырларға Гектар атты алып ит те қосылады. Ол үй жануарларын ұрлап әкетіп, қысым көрсетеді. Тоқты мен Серке зұлым кейіпкерлердің боданынан босап шыға ала ма? 3-шілдеден бастап кинотеатрдан көріңіз.