28 маусым — Журналистер күніне орай, Шымкент қаласында қаламы қарымды тілшілер қауымы марапат төрінен көрінді. Салтанатты жиында бірқатар БАҚ өкілдері Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет Грамотасына ие болды. Сый-құрметті Одақтың Шымкент қаласындағы филиал директоры Уәли Қыдыр табыстады.
САЛТАНАТ ЖАМАЛДИНОВА, «ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ
Ұзақ жылдар бойы бұқаралық ақпарат саласында аянбай еңбек етіп, журналистикаға елеулі үлес қосқан белгілі қаламгер Балтабай Түйетаевқа «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісі табысталды. «Бұл марапат кәсіби шеберлік пен адал қызметтің лайықты бағалануы»,-дейді тілші.
БАЛТАБАЙ ТҮЙЕТАЕВ, ЖУРНАЛИСТ
Сала ардагерлерінің еңбегі еленген бұл күн — журналистика жолындағы жауапкершіліктің маңызын тағы бір мәрте айшықтай түсті.
УӘЛИ ҚЫДЫР, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл марапаттар — әріптестеріміздің еңбегіне деген құрмет. Шын ниетпен, шынайы еңбекпен жұмыс істеп жүрген журналистеріміз көп. Біз олардың әрқайсысын бағалаймыз
Марапат — мерей, еңбек ескерусіз қалмайды. Журналистиканың жүгі ауыр, жауапкершілігі зор. Ақпарат майданында аянбай тер төккен қаламгерлерге көрсетілген бұл құрмет — болашақ буынға үлгі.