Түркістанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс 32 пайызға төмендеген. Президент тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық аудан, қалаларда «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Сол арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» атты форумда кеңінен айтылды.


Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров қоғамда заң үстемдігін орнатуға үлес қосу баршаның ортақ міндеті екенін атап өтіп, қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүргізуге шақырды.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы жылдың 5 айында 163 дерек анықталып, 199 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 336 дерек анықталған. Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу бағытында 405 ақпараттық сайт анықталып, бұғатталды.


СӘКЕН БИБОСЫНОВ, ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Тұрғындардың қаржылық сауаттылығының төмендігі салдарынан осы жылдың 5 айында облыста алаяқтық қылмыстар 33 пайызға, интернет алаяқтық қылмыстар 102 пайызға өскен. Азаматтардың қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында оқыту және түсіндіру жұмыстары күшейтілетін болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың мәселесі ерекше бақылауда. Бұл азаматтарға биыл 194 квота белгіленді. Жұмыспен қамту шаралары жалғасады.