Балаларды өнерге баулып, талантын ұштап жүрген жетекшіге 10 млн теңге тұратын автокөлік кілті табысталды. NURAY ART FEST - жас дарындарды бір алаңға тоғыстырып, сайыпқырандарды сайыстыратын байқау. Бір жылдық мерейтой қарсаңында жарыс ұйымдастырушылар 10 айлық қорытынды кешін өткізіп, мамандарды марапаттады.
Жас өреннің талантын танып, талабын жонып жүрген 5 үздік жетекші қомақты сыйлықтарға қол жеткізді. Бас жүлде иегері Hyundai Accent автокөлігін тізгіндеді. Оны Қордай ауданынан келген Бану Тұрғымбаева тізгіндеді.
Қорытынды кешке еліміздің барлық аймағынан үздік жетекшілер қатысты. Гүлбану Қасалиеваның айтуынша жеңімпазды анықтау оңайға соқпаған. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, жетекшілер жұмысын жан-жақты зерделеген.
ГҮЛБАНУ ҚАСАЛИЕВА, NURAY ART FEST ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨПЖАНРЛЫ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
«Астанадан, Оралдан, Талшкенттен әділқазыларды шақырып, комиссия мүшелері бір күн алдын келіп, есептеп шешім шығарды.»
NURAY ART FEST - балаларға арнап ән, би, актерлік шеберлік, дәстүрлі өнер, аспаптарда ойнау мен бейнелеу өнері сынды сайыстарды ұйымдастырады. Қорытынды кеште сайысқа 7 мәрте қатысқан шәкірттердің жетекшілері шетелге жолдама алды, ал 100 бала дайындаған ұстазға арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйлық табысталды.
ЖАНАР ЖОЛДАСОВА, ДАРЫНДАР ӘЛЕМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Қаншама жетекшілердің алдын көріп, ол кісіледің шабытын оятып, өнерге деген құлышынсын арттырып..» «Бір жылғы отчетын беріп отыр»
Қорытынды кеште жасөспірімге жол нұсқап, бағыт-бағдар беріп жүрген басқа да жетекшілер марапатталды. Өзара тәжірибе алмасып, біліктілік ұштады.