Тұран ауданының инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында елдімекендерді сапалсы ауызсумен қамту көрсеткішін арттыру көзделіп отыр. Қазір табиғи газбен қамту көрсеткіші 85 пайызға жетсе, тұрғындардың 95 пайызы электр жарығына қол жеткізген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында айтылды.
ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ , ТІЛШІ:

Тұран ауданының аумағы 36 300 гектарды қамтиды. Мұнда 220,7 мың тұрғын бар. 21 шағын ауданнан тұратын аймақта 39 357 жеке үй, 544 көпқабатты тұрғын үй және 597 көше бар. Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай табиғи газбен қамту толық жүзеге асырылып, 2025 жылы сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100%-ды құрайды.
Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешілуде. Қазіргі уақытта ауданның 57,1%-ы кәріз жүйесіне қосылған, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 60,2%-ға дейін өседі.
 ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ , ТІЛШІ:

Сондай ақ 2024 жылы 42 көшеде, жалпы ұзындығы 34,8 шақырым жол төселеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 80,2%-дан 87,4%-ға дейін артады. Қазірдің өзінде 40 көшеге асфальт төселіп, жол сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Тұран ауданындағы бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.