Ғылым қуған жасқа мемлекет қолдау көрсетеді.  Студент болып жүріп-ақ өз жобаңды қорғауға мүмкіндік бар.  Шымкентте бас біріктірген ғалымдар осындай ойын жеткізді. «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы» АҚ-ның 45 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің II Халықаралық форумы жайында тілші әңгімелейді.    
 Ғылыми жиынға  халықаралық деңгейдегі спикерлер, жоғары оқу орындарының жетекші оқытушылары, Қазақстан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан практикалық денсаулық сақтау ғалымдары мен мамандары келді.  «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамы форумды жоға деңгейде ұйымдастырған. Басқосу ғалымдар арасындағы байланысты күшейтеді.
 Конференция аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жетекші әлемдік деңгейдегі ғалымдар баяндамаларын оқыды. Форум барысында  «Start-up» жобалар байқауы, хирургиялық пәндер,  "Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары талқыланды.
 Форумның басты мақсаты-әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін платформа құру.  жас зерттеушілерді алаңдататын ең өзекті мәселелерді талқылау және жастар арасында ғылыми білімнің таралуына ықпал ету. Конференция жұмысы шеңберінде жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жетекші әлемдік ғалымдарының басшылығымен жүргізілетін ғылыми зерттеулердің тәжірибелері мен нәтижелері жарияланатын болады.