Париж Олимпиадасының теннистен жекелей сынның жеребе тарту рәсімі өтті. 


Ерлер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бублик ойындардағы тұсаукесер матчында америкалық Тейлор Фрицпен сынға түседі. Қазір қазақстандық ATP рейтингінде 25-ші, ал қарсыласы 11-орында тұр. Екеуі осыған дейін 5 мәрте кездескен. Бұл текетіресте Бублик 3-2 есебімен алда тұр.Ал Александр Шевченко болса 1-айналымда 18 жастағы чех спортшысы Якуб Меншикпен ойнайды. Екеуі былтыр Словакияда кортта кездескенде Якуб басым түскен.




Ал, садақ атудан рейтингілік раунд аяқталды. Спорттың бұл түрінен Ильфат Абдуллин 29 орынға, Дәулеткелді Жаңбырбай 22 орын және Александр Еременко59 орынға тұрақтады. Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласуда. Садақ атудан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы отандық атлеттер саналады.