Дәл қазіргідей күн ыстық кезде жанға сая болар аумақтың бірі – субұрқақтар маңы. Бүгінде Шымкентте Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы бірнеше фонтанды күрделі жөндеуден өткізіп, қайта қосты. Біразының электр жүйесі мен насостары жаңартылды. Бұл жұмыстар маусым басталысымен демеушілер көмегімен іске асты.

 Биыл қаланың Орыс драма театры жанындағы фонтандардың да су айдау құрылғысы ауыстырылды. Орталық саябақта тұрғандарының насостары қайта жөнделді. Ал Абай саябағы мен Имран кешені алдындағы субұрқақтардың электрлік жүйесі ретке келтірілді. Металлургтегі фонтанның насосы жаңартылып, құбырлары жөнделді. Субұрқақтар қала сәніне көрік беруден бөлек жазы ыстық шымкенттіктер үшін өте пайдалы. Жанынан жақынджасаң самал леп соғады. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы субұрқақтарды күтіп ұстау жұмысы, күрделі жөндеу жұмысы жүйелі жалғасып келеді. Атап айтсақ,   Әкімшілік іскерлік аумағындағы «Тайқазан», Әуежай аумағындағы, Ордабасы алаңындағы фонтандардың насостары жөнделіп, электр жүйесі жаңартылған.  Сонымен бірге Чернобль гүлзарындағы фонтанның 5 дана насос жаңартылып, құбырлары ауыстырылып жатыр. Қала тұрғындарының ұсынысымен Тәшенов және Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан тарихи Көл аумағын толығымен жаңартылды, 3 үш субұрқақ орнатылды.  Қаладағы субұрқақтарды күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізілді. Соттың шешімімен мердігер анықталды. Қазіргі таңда, келісім шарт түзіліп жатыр.