Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапары аясында Ақбұлақ ауылында орналасқан «KAZ KIOTI» зауытына барды. Шаруалармен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан өңір басшысы 48 шаруаға трактор мен комбайн кілттерін табыстады.


 «Trade in» бағдарламасы тиімді болып тұр. Бұл ретте шаруалар істен шыққан ескі техникаларын нарықтық бағамен өткізіп, орнына жаңасын алуда. Қабылданған тракторлар мен комбайндардың құны алғашқы жарна ретінде құйылып, әрмен қарай  «Оңтүстік» АИО ЖШС және «Ырыс» микро қаржы ұйымы жаңа техниканы лизингке төмен пайызбен рәсімдеп беруде.   Оңтүстік Кореяның «Daedong» компаниясымен бірге жинақталатын ауыл шаруашылық тракторларын өндіретін кәсіпорын 2015 жылы жұмысын бастаған. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асып отыр. Зауыт өткен жылы 304 трактор, 6 комбайн жасап шығарса, осы жылдың 3 айында 180 дана трактор жинаған.
  Өндірісті одан әрі дамытуды қолға алған зауыт басшылығы  шығаратын өнім түрлерін көбейтіп, локализациялау пайызын арттыруды жоспарлап отыр. Өз кезегінде шаруалар мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.