Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы электронды сауда көлемі шамамен 1,5 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдық көлемнің шамамен 62%-ы.


Электронды сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі жоспары әзірленді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастық кезінде қарыздарды субсидиялау мен кепілдендіруді қоса алғанда, электронды сауда субъектілерін қолдау шаралары қабылданды.

Қазақстандық тауар өндірушілер халықаралық сауда алаңдарына белсенді түрде шығарылуда. Мәселен, Alibaba.com-да биыл шарттарға қол қою және шағын сайттар құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан 47 компания іріктелді.

Мемлекеттік қолдау іске қосылғаннан бері 290 компания өз өнімдері үшін шамамен $346 млн табыс тапты.