Шымкентте биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 51 млрд теңгеден асты. Аталған салаға тартылған инвестиция арқасында 12 жоба іске асқан. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы атқарылған жұмыстары туралы баяндамада мәлімдеді.
Мегаполисте ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 51,8 млрд теңгеге жеткен. Жылдың соңына дейін жоспар бойынша 55,3 млрд теңгені қамтиды. Биыл ауыл шаруашылығы саласына 12 жоба бойынша 43,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 170 жаңа жұмыс орны ашылған.
ТАЛҒАТ МЕКАМБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Оның ішінде 6 сүт өңдеу кәсіпорны, 1 сүт фермасы, көкеніс өңдеу зауыттары. Сонымен қатар, 650 га аумақта түрік компаниясы ірі жылыжай құрлысын бастады. Қазір 10 га іске қосылып, алғашқы өнім жиналды. Тағы поляк компаниясы құрылысын бастап жатыр.
Қала аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда. Бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу мақсатында, азық-түлік базарларымен, сауда желілерімен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және ірі дистрибьюторлармен бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде 100 – ден астам меморандумға қол қойылды.
ТАЛҒАТ МЕКАМБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Атап айтқанда тұрақтандыру қорының айналым механизімі аясында ірі сауда желілері мен тауар өндіруші кәсіпорындармен шарттар түзіліп, 90-ға жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылып келеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік сауда нүктелерінің санын ұлғайту мақсатында, халықтың тығыз орналасқан аймақтарынан «Бақша» атты 15 әлеуметтік павильоны іске қосылып, олардың санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.