Түркістанда«Дара ұрпақ» инклюзивті театры ашылды. Салтанатты шарада ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жарық» мюзиклі қойылды. Жиынға өңір басшысы арнайы қатысып, өнер ұжымын шығармашылық бастауымен құттықтады.
«Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен шарада облыс әкімі жаңа театрдың тек мәдени ошақ емес, балалардың шығармашылық әлеуетін ашатын маңызды алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ерекше балаларды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізіп, театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысы ерекше балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оңалту орталықтарының желісін кеңейтуді тапсырған. Біз ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Бүгінде өңірімізде бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, қажетті қолдау шаралары көрсетілуде.
Мюзиклде ерекше диагнозы бар, сондай-ақ көру,есту қабілеті шектеулі 80-ге жуық бала өнер көрсетті. Шебер қойылған сахналық көрініс көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
ЕРБОЛ КӨКЕНОВ, «ДАРА ҰРПАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл жәй ғана театр емес, инклюзия саясатының айқын бейнесі деп білемін.Тетардың ашылуына қолдау білдірген облыс әкіміне ерекше алғыс білдіргім келеді.
Бүгінде Түркістан облысында 15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Өңірде оларды қолдауға бағытталған оңалту орталықтары, «Қамқорлық» мекемелері мен арнайы спорт клубтары тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.
РУХАБЗА ҚАЛДАРБЕК, ТЕАТР ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Бүгін 80-ге жуық ерекше бала өнер көрсетеді.Бір кездері бұл балалар қоғамнан қорқатын.Бүгін міне, ұзақ жылдық жұмыстың нәтижесінде сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткелі отыр.
Шара соңында қатысушылар «Өмір сүр» әнін орындап, қойылымның шарықтау шегін ерекше түйіндеді. Облыс әкімі өнерпаздармен суретке түсіп, арнайы сыйлықтар табыс етті.