Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шардара ауданында ел мерейін асырған тағылымды іс-шара өтті. Биыл үшемдерді дүниеге әкелген Ешмуратовтар мен Оңайовтар отбасына жаңа пәтер кілті тапсырылды.
Жиында аудан басшысы көпбалалы отбасыларды қолдаудың тәуелсіз мемлекет саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті. Баспана иелері аудан басшылығына және демеушілерге шынайы алғыстарын білдірді.
Бүгінгі тәуелсіздікке орай отбасымызда ерекше қуаныш бар. Біз ерекше қуанышта жатырмыз, мың да бір алғыс!
Бұған дейін демеушілер есебінен әр отбасына 3 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілген болатын. Мереке қарсаңында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара қаласында орналасқан, заман талабына сай салынған жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды.
АРМАН ҚАРСЫБАЕВ, ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бірінші кезекте үшемдердің жаңа жасқа қадам басқанын және жаңа баспанасымен құттықтаймын. Үйлеріңіз берекелі, мерекелі болсын. Үшемдеріміз әр салада адал қызмет ететін азамат болсын! Бүгінгі табыстауымыз мереке қарсаңында өтіп жатыр. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін. Үшемдердің денсаулығы мықты, жастары ұзақ болып, шаңырақтары құтты бола берсін!
Жаңа баспана жылумен қамтылып, өмір сүруге барлық жағдай жасалған.