Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-нің директоры бірлесіп, мақта-мата жібін иіру және джинсы маталарын өндіру желілерінің құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысты.


Түркістан өңірінің жеңіл өнеркәсіп саласында стратегиялық маңызы бар жобаның іргетасы қаланды. Арнайы экономикалық аймақта «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-нің джинсы маталарын өндіретін зауытының құрылысы басталды. Аталған нысанда жылына 10 млн метр джинсы матасы өндірілмек. Жобаның жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ мұнда мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Нысанның жалпы аумағы 20 гектарды қамтиды. Зауыт жұмысына қажетті жабдықтар толықтай заманауи технологиялармен қамтылады. «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан нысан жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жобаны үш кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы, облыста индустриялық аймақтар, шағын өндірістік парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жандандыру нәтижесінде 10 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, өсім деңгейі 113,4 пайызды құрады.


 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұдан былай өңірдегі мақта 100 пайыз өзімізде өңделіп, дайын өнімдер шығарылады. Солардың бірі – бүгін іргетасы қаланған зауыт еліміздің тоқыма өндірісін жаңа деңгейге шығарады. Мұнда жылына 30 мың тонна мақта-мата жібі мен 10 млн метр джинсы матасы өндіріледі. Дайын өнімдер Еуропа мен Орталық Азия елдеріне экспортқа шығарылады. Жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда.