Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағын абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жоспарлы жұмыс жалғасуда. Таяуда аудан әкімдігі ғимаратының жанынан жаңа Қаратау гүлзары пайдалануға берілді.
Демеушілердің қолдауымен салынған гүлзар ауданның келбетін көркейтуге, жасыл аймақ көлемін ұлғайтуға және тұрғындарға қолайлы демалыс орнын қалыптастыруға үлес қосып отыр. Айта кетейік, биыл Қаратау ауданында жаңа 14 гүлзар салынды. Шапағат, Мирас, Алтын орда, Тұран, Қайтпас-1, Нұртас, Таскен, Нұрсәт шағынаудандары мен Сайрам, Шапырашты, Өтеміс тұрғын алабтарында демалыс орындары ел игілігіне берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан аумағындағы қоғамдық кеңістіктерді кеңейтіп, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға және ауданның жалпы инфрақұрылымын жақсартуға септігін тигізеді.