Тәуелсіздік күніне орай Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтылды. Жаңадан бой көтерген елді мекендегі бұл қуаныш аудан халқының 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанын айқындайды. Көптен күткен таза судың жеткізілгеніне қуанған ауыл тұрғындары аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.


Жолдау жүктеген міндеттер Отырар ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ауыл елді мекендерін дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Барлық игі бастамалар жергілікті тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруды көздейді.


Айта кетейік, аталған нысанның құрылысы мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған. Бұл шара заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қайтарылған қаражатты халық игілігіне бағыттаудың нақты үлгісі болып отыр.


Нысанның құрылыс жұмыстарын «Exclusive Project company» ЖШС тарапынан жүргізген. Жобаға сәйкес, 11 560 метр су құбыры тартылып, 65-ке жуық отбасы ауыз сумен қамтылды. Құрылыс барысында 1250 м су ұңғымасы қазылып, су сорғы станциясының ғимараты салынды.


Ақкөл ауылында 350-ден астам тұрғын бар. Аудан орталығына жақын орналасқан елді мекенге газ тарту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сапалы ауыз суға қол жеткізген ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.