Шымкентте еңбек ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Жұмагүл Қошанқызының бастамасымен жаңа туындының тұсауы кесілді. 300 дана тиражбен жарық көрген кітапта өнер адамдарының тың туындылары топтастырылған. Ақтаулық белсендінің жобасы Шымкенттік «Жебе» баспасында басылып, шырайлы шаһар тұрғындарына паш етілді.


Кітап сүйер қауым үшін тың жаңалық. «Өнер әлемі – Жыр Жауһары» кітабы ақындардың өнерін ортаға салу, төл өнерімізді кеңінен насихаттауға үлес қосатын тың туынды. Бұл кітап осы атпен қалыптасқан арнайы топ мүшелерінің шығармашылығын біріктірген.


ЖҰМАГҮЛ ҚОШАНҚЫЗЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
– Хас шеберлерімен бір болуды көздейді. Жаңа туындының тұсаукесеріне еліміздің түкпір-түкпірінен осы топтың мүшелері, ақынжанды азаматтар жиналды.


Жаңа туынды жас талғамайды. Ол әлдеден бері сақталған қазақ өнерін насихаттауға жол ашады.


 САБИНА НҰРБАЕВА, ОҚЫРМАН
– Мен осы кітапты алып отырмын. Маған ұнады. Мұнда барлық бағыттағы өлеңдер мен жырларды табуға болады.


МАРҒҰБА МҰХТАР, ҚАЛАМГЕР
– Бұл енді кітапсүйер қауым үшін үлкен бір жаңалық болып отыр. Ақынжанды азаматтардың басын бір ортаға тоғыстырған жоба деп білеміз. Бүгінгі жиынға да көптеген ақындар келіп отыр.


 Айтып өтейік, «Өнер әлемі – Жыр Жауһары» тобының негізгі мақсаты – ақындар мен өнер иелерін насихаттау. Сондай-ақ жазба айтыс арқылы ақындарды таныту және өнер әлемінің хас шеберлерін біріктіру болып табылады. Жаңа туындының тұсаукесеріне еліміздің түкпір-түкпірінен осы топтың мүшелері, ақынжанды азаматтар жиналды.