Түркістан облысында тәуелсіздікпен құрдас 121 сақшы қызмет етеді. Ауа-райының құбылмалы мінезіне, қар-жаңбырына, аптап ыстығы мен сарышұнақ аязына қарамай көше кезіп, қоғам тынышын күзететін мамандар мақтау мен мадақтауға лайық. Өңірде жауапкершілігі жоғары қызметті абыроймен атқарып келе жатқан полицейлер жетерлік. Соның 121-і биыл 34 жасқа қадам басып отыр.
Яғни, ел егемендігімен құрдас. Олар бүгінде қатарының алдыңғы қатарында болып, өңірдің дамуына өзіндік үлестерін қосып жүр. Қоғам тынышын күзеткен мамандар: «Азаттықты ардақтап, тәуелсіздікті мәңгілік ету басты мақсатымыз. Осы жолда аянбай еңбек етуге дайынбыз», – дейді.