AMANAT партиясының Түркістан облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Мәселелі нысандар фракция мәжілісінде қаралды. Жиында «Әйелдер қанаты» Түркістан облыстық филиалының жұмысы сараланды.


Облыста AMANAT партиясының Жол картасын жүзеге асыруға 3 трлн теңге қарастырылған. Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 121 іс-шараны орындау жоспарланған. 11 айдың қорытындысы бойынша 77 іс-шара толық орындалып, 30 іс-шараның орындалуы жалғасуда. Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды саласы. Жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 1,2 трлн теңгені құрап, өсім 101,2% деңгейінде қалыптасты.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өндірілген өнім көлемі бойынша республикада көш бастап тұрмыз. Мемлекет басшысы қайта өңдеу саласын дамытып, экономиканы әртараптандыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты облыста мақта, ет және жүгері бағыттары бойынша үш кластерлік жобаны дамыту қолға алынды.


Жиын барысында облыстық «Әйелдер қанатымен» бірлесе отырып, саяси шешім қабылдай алатын белсенді әйелдердің базасын қалыптастыру, көшбасшы әйелдер санын арттыру және қоғамдағы беделін нығайту, сондай-ақ әйелдер көшбасшылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаны қабылдау туралы ұсыныстар айтылды.


ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қасиетті Түркістан өңірінің әйелдері ер азаматтармен тең дәрежеде қызмет етіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келеді. Әйелдер қанатының жұмысы ел ішінде тұрақты түрде насихатталуда.


ШОЛПАН КАРИНОВА, AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ, ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Елімізде әйелдер мен ерлердің мүмкіндігін теңестіруге бағытталған заңдар жүйелі түрде жұмыс істеп тұр. Бұл бағытта бірнеше кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан маңызды бастамалар бар.


Қазақстандағы әйелдердің күш-жігерін біріктіру, саяси платформа қағидаттарын ілгерілету және гендерлік теңдікті нығайту мәселелері күн тәртібінде. Әйелдердің елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі бастамалар облыс аумағында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.