Шымкентте жалдамалы пәтер субсидиясын алушылар бойынша мониторинг жүргізіліп, бірқатар заңсыздық анықталған. 1200-ден аса азамат жалдамалы пәтер субсидиясын мақсатсыз пайдаланған.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтар саны 90 мыңнан асады. Сондай-ақ қала бойынша «Жастар» бағдарламасы арқылы 2020 жылдан бүгінге дейін 3 849 азамат жалдамалы пәтермен қамтылған. Бүгінгі таңда алғашқы 890 пәтермен қамтылған азаматты пәтерлерінен шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 576 отбасының пәтері коммуналдық меншікке қайтарылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының м.у.а. Көпжан Тулебаев мәлімдеді.