Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында волейболдан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтуде. Жарыс спорт саласына өз үлесін қосқан Нұрлан Көлбайұлын еске алуға арналған. 16 команда бақ сынайтын сайыс 2 күнге жалғасады.


Волейболдан І-республикалық турнир 2012-2013 жылы туған оқушылар арасында өтуде. Сайысқа еліміздің үш өңірінің және облыс аудандарынан 16 команда келген. Турнирді Ордабасы аудандық №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі «Тәуелсіздік күні» қарсаңында ұйымдастырып отыр.


КҮМІСБЕК ҚҰЛСАРИЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ №3 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
 Бұл турнирге жан-жақтан 16 команда қатысып отыр. Жамбыл облысынан 2 команда, Қызылорда облысынан 2 команда, Шымкент қаласынан командалар қатысып отыр.


200 волейболшының басын қосқан турнир өңірдің спорт жанашыры Нұрлан Көлбайұлын еске алуға арналып отыр. Спортшылар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері бар.


ИСЛАМ РАЙЫМХАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛДАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Жарыстың мақсаты Нұрлан ағамызды еске алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Алда келе жатқан чемпионатқа балаларды дайындау. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр.


 Турнир 2 күнге созылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттар және кубокпен марапатталады. Сондай-ақ, ақшалай сыйақы тағайындалған.