Қыс мезгіліне қала сақадай дайын. Жыл басынан бері мегаполистегі коммуналдық мекемелер 870 су жаңа арнайы техника алды. Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері материалдық базасын жаңартқан мекемелердің жай-күйімен танысты.
Арнайы топ Абай ауданының автопаркіне барды. Мекеме 174 арнайы техникамен толық қамтылған. Қар тазалайтын, сарқынды су соратын, аяқ жолды сыпыратын техникалар жаңартылды. Мекеме тазалық жұмыстарына 100 пайыз дайын.
Қала бойынша алынған 900-ге жуық арнайы көліктің жалпы құны 5,7 млрд теңге. Бюджетке жеңілдету үшін техникалар лизингке алынған. Мегаполистің 5 ауданында да осындай жаңа көліктермен қамтылған.
СПИКЕР: БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
«Бұл енді тек жұмыс істеу керек. Күл-қоқыс болуы мүмкін. Қар немесе жаңбыр жауса, техникалар сақадай дайын. Лизингке алу тиімді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен осы жұмыстар жүзеге асырылды».
Бір ғана Абай аудандық коммуналдық мекемесінде 471 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы 200 мың теңге. Мекеме басшылығы жұмысшылардың тасымалы мен түскі асын тегін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.