Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан әр азамат құқықтық нормалар мен заң ережелерінен хабардар болғаны жөн. Осы ұранды негізге алған Түркістан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты студенттер мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Жиында заң өкілдері мемлекет басшысының Жолдауын талқылап, жас шәкірттерге мән-мағынасы мен мазмұнын түсіндірді. Басты мақсат – құқықтық сауатты жетілдіру және «заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру.


БАҒДАУЛЕТ АХМЕТОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ТЕРГЕУ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Бір адам тәртіп бұзса, бірнеше адам зардап шегеді. Осы қарапайым заңдықты сезіну қажет».  «Осы себепті заң – бүкіл қоғамның тірегі».


Аға буын жастарға қоғамдағы құқықбұзушылықтарды нақты мысалдармен көрсету арқылы түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілігін нақтылады. Тыйым салынған өнімдерді тұтынбау мен рұқсат етілмейтін әрекеттерді жасамауға шақырды.


КАУКЕН НӘРІКБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ, АҒА ӘДІЛЕТ КЕҢЕСШІСІ
Бірінші кезекте міндетті түрде қоршаған ортаға мән беріңіздер. Кіммен араласып жатырсыздар, жаныңызда жүрген адам тәртіп бұзуға бейім бе?


Жиынға сондай-ақ Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев та қатысып, саладағы нәтижелер туралы баяндама оқыды. Жас шәкірттер заң өкілдеріне өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тиісті жауап алды.