Биыл республика бойынша 79 спорт нысаны салынған. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жобаларды жүйелі жүзеге асыру жалғасып келеді.
Биыл елімізде 80-ге жуық спорт нысаны бой көтерген. Жыл соңына дейін тағы 50 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кетейік, бүгінде елімізде 912 балалар-жасөспірімдер клубы, 521 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 700 мыңнан астам жасөспірім спортпен айналысады.