Мегаполисте жылу желілеріне диагностика технологиясы енгізілді. Бұл құбырішілік ақауларды анықтайтын заманауи әдіс. Аталған технология Қазақстанда алғаш рет Шымкент қаласында пилоттық жоба ретінде сыналды.


Жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету және апаттылықты азайту бағытында құбырішілік диагностика технологиясы енгізілді. Технология құбырлардың ішкі қабырғасын жоғары дәлдікпен сканерлейді. Қаладағы магистралды 7 көшеде 1 263 метр жылу құбырына диагностика жүргізілді. Нәтижесінде құбырлардың техникалық жай-күйі қанағаттанарлық деп танылып, қауіпті учаскелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.


 АЗАТ ҚАЙНАРҰЛЫ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Бұл тәсіл жөндеу шығындарын 20–75%-ға дейін қысқартуға және апат тәуекелін едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясы деректерді өңдеу кезінде қолданылып, талдау дәлдігі 15%-ға артты.


 Жыл соңына дейін қала аумағы 100% сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Биыл 2 291 көшені жарықтандыру жоспарланған.


АЗАТ ҚАЙНАРҰЛЫ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұдан бөлек, қалалық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жеке демеушілердің есебінен тағы 125 көше жарықтандырылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы жарықтандырумен қамту деңгейі 65,9 % жетті.


 Биыл 4 елді мекенде ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 11 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші 99,9%-ға жетеді. Одан бөлек, қаланың ұлғайып жатқанын ескеріп, су жүйесінің қуаттылығын арттыратын 6 су жинақтағыш қондырғыны салу жоспарлануда.