Негізгі Жаңалықтар ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР ҮШІН БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙДЫ

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР ҮШІН БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙДЫ

Елімізде 17 мамырдан бастап шетелдік автокөліктерге арналған бензин мен дизель отыны бекітілген бағамен саудаланады. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады. Мұндағы мақсат - Ішкі нарықтағы жанармай теңгерімін сақтау, сонымен қатар мұнай өнімдерінің ағыны мен «сұр» экспортының тәуекелдерін барынша азайту.

ҚР энергетика министрінің шетелдік көліктерге арналған АИ-92, АИ-93 бензині және дизель отындарының жаңартылған бағалары бойынша бұйрығы жарияланды. Енді  шетелдік көліктер үшін АИ-92 және АИ-93 бензині — литріне 245 теңгеден саудаланады.  Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде — литріне 205 теңгеден беріледі.  Қазақстанда берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде — тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — литріне 205 теңгеден сатылады. Шетелдіктер үшін дизельдік отын — литріне 315 теңге болып бекітілді. Елімізде тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде — литріне 295 теңгеден ала алады. Қазақстанда берілетін жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — литріне 295 теңгеден сатылады, — делінген құжатта. Осылайша, Қазақстан Республикасының куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады.

Бөлісу