Шымкенттік полицейлер «синтетиканың» 2 мыңнан астам дозасының қала аумағында таралуының алдын алды. Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады. Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.
 

Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы азамат он жылдан он бес жылға дейін бас бостағынан айырылуы мүмкін.  Есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.