Түркістан облысында 2025 жылға дейін 110 210 гектар алқапқа 170 млн көшет егу жоспарланған. Бүгінде Отырар ауданында орманды молайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, былтыр Отырар орманшылары 5700 гектар жерге сексеуіл дәнін сеуіп, биыл құмды аймақты жасыл желекке айналдырып отыр. Нәтижесінде, шөлді аймақта құм көшкіні басылып, «Қызыл кітапқа» енген жануарлар көбейе түскен.

Отырар ауданындағы құмда алқапта сексеуіл көбейту жұмысы жалғасып жатыр. Өңірде сексеуіл алқабын сақтап, барынша ауқымын кеңейтуге ерекше мән берілген. Отырардағы орман қоры жері 4 орманшылыққа бөлінген. Атап айтқанда, Балтакөл, Байырқұм, Шәуілдір, Қаратау орманшылықтары. Аумаққа 42 мыңға жуық көшет егу жоспарланған. Байұрқұм алқабына былтыр отырғызылған көшеттердің 70% өскен, енді өңірдің ауарайының ерекшелігіне қарай қара сексеуіл егіледі.

Сексеуіл топырақты эрозияға ұшраудан да сақтайды.  2021 жылы 3 910 гектар алқабқа сексеуіл егілсе, кейінгі екі жылда оның саны 11 400 гектарға жеткен. Биыл 8 000 гектардан астам аумаққа 10 мыңнан аса сексеулі көшеті отырғызылды.  

Орманшылар алқапқа көшет дәнің сеуіп кетумен қатар оның өсуін де бақылайды.  Броканерлерден қорғауға да жауаптты.  Сексеуіл алқабы тек құм көшкінің ұстап қана қоймайды. Құмды алқапта жайылып жүрген  төрт түлік пен аң құстарға, тіпті Қызыл кітапқа енген келес кесірткесіне сая.

Түркістан облысында Созақ, Отырар, Шардара, аудандары мен Арыс қаласының аумағында сексеуіл алқабы жылдан жылға ұлағайып келеді. 2025 жылы Отырар орманшылық аумағында 9900 гектар алқабқа 12 мыңнан астам сексеуіл көшеті отырғызлады. Айта кетейік, облыстағы тұқымбақтарда сексеуіл көшеттерін өсіру, оларды орман қоры аумақтарына отырғызу жұмысы қарқынды түрде атқарылып жатыр. Облыстағы тұқымбақтар өңірдегі елді мекендерді толық қамтамасыз етеді.