Бүгін білім мен ғылымның жанашыры – Нұрлан Қуатбеков 60 жасқа толды. Өнегелі өмірін елдің рухани дамуына, жастардың сапалы білім алуына арнаған профессорды құттықтауға қоғам қайраткерлері мен түрлі сала өкілдері жиналды.Толығырақ мерейтойға барып қайтқан тілшіміз тарқатады.

Нұрлан Әбдімұсаұлы – ұлттың зердесін байытып, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға, өрелі ойдың иесі. Ол 2006 жылдан бері Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті қызметін абыроймен атқарып келеді. Көреген басшының жетекшілігімен оқу орны жаңа тыныс алып, заманауи бағытта дамудың биік сатысына көтерілді. Университеттің материалдық-техникалық базасы нығайып, ғылыми әлеуеті артып, халықаралық ынтымақтастық ауқымы кеңейді.


ЖАМБЫЛ АЙМЕНОВ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ ДИРЕКТОРЫ


Мерейтойда білім және ғылым саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен әріптестері бас қосып, алпысты алқымдаған азаматқа ізгі тілектерін білдірді. Ерекше құрмет көрсетіп, сый-сияпатын табыстады.


ГУБАЙДУЛЛИН ӨТЕГЕН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ


Қай істе де қамқорлықты басты қағида еткен Нұрлан Әбдімұсаұлы студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жас ұрпақтың сапалы білім мен тәлімді тәрбие алуына айрықша көңіл бөледі. Оның бастамасымен университет қабырғасында әлеуметтік қолдау жобалары, мәдени-ағартушылық іс-шаралар мен ғылыми форумдар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.


РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ


Еңбегі еленіп, ел алғысына бөленген Нұрлан Әбдімұсаұлы – еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Мерейтойға жиналған қауым мерейлі сәт иесіне ізгі тілектерін арнап, шығармашылық шабыт тіледі.