"Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жалғасын тапты. Сенбілік Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында өтті. 50-ден астам адам арық-атызды қалдықтан тазартып, ауланы сыпырып ретке келтірді.
Қара күз жасыл желектік жапырақ тастайтын кезеңі. Сондықтан әр ауланы табиғи қоқыстан аршу мәселесі өзекті. AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері күзгі тазалық жұмыстарына алғашгқылардың бірі болып кірісті.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бірінші кезекте бізде "е өтініш" арқылы түседі. Қоғамдық қабылдауларымызға келетін тұрғындарымыз бар және өзіміздің жергілікті әкімшілік және филиал қызметкерлері осындай таза емес жерлерді өздері тауып, біз барып соларды тазалауға кірісеміз. Бірінші кезекте Аманат партиясының басты мақсаты тек қана тазалаумен ғана емес, осы Шымкент қаласының тұрғындарын, қонақтарын тазалық сақтауға шақыру.
Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында инертті материалдарды тазалау және қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді. Коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары да санитарлық-тазалық жұмыстарын өндірді. Бастаманы ерікті жастар қолдай кетіп игі іс жалғасты.
АБАЙ СЫРЛЫБАЕВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ» ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ
2024 тен бастап келіп жүрміз биылда университет студенттері атсалысып жүр. Қазыр тек белсенді жастар емес тұрғындарды да шақырып экологиялық акцияға шақырып жатырмыз.
ЖАНЕРКЕ ТҰРСЫНБЕК, БЕЛСЕНДІ ЖАС
Бұл халық арасында жастар арасында тазалықты ұстауға арналған акция. Әр бейсенбі сайын Шымкенттегі 5 ауданға барып тазалық жұмыстарын жүргіземіз.
Мұндай тазалық жұмыстары жыл басынан бері 45-ші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 42 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 3 мыңнан астам азамат атсалысқан.